Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

0
63

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылдық округі, Берген Исаханов ауылындағы көше қиылысына шаңырақ іспеттес нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мердігер мекеме тарапынан атқарылуда. Қақпаның құрылысы маусым айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, ол жерде балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар мен жарықшамдар орнатылуда.

Айта кетсек, ауыл атауы Кеңес Одағының батыры Берген Исахановтың құрметіне аталған. Бүгінде ауылда 300-ден астам отбасы тұрады. Ауылға табиғи газ жыл басында беріліп, 80 отбасы қамтылған. Ал ауыз суға 249 абонент қосылған.

Leave a reply