САЙРАМ: АУДАНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Аудандық халықтық штаб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің ұжымы және жоғары курстың студенттерімен әңгімелесу барысында атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Аманкелді Қабылбеков өз сөзінде: АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бізде осыған қарай ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз. Сондықтан, баршаңызды алдағы референдумда АЭС салуға дауыс беруге шақырамын», – деді.
Колледж ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға және АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірді.