Ол Кентау қаласы «Жасыл қала» МКМ нің жұмысшысы Әбіш Кенжекүл Беркінбайқызы. 1963 жылы Кентау қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Орта білімді аяқтаған Кенжекүл Беркінбайқызы көгалдандыру саласына қызығушылығы артады. Гүл егіп, талдарды отырғызып баптауға әуестенеді. 2006 жылы қаладағы «Жасыл қала»МКМ не жұмысқа орналасады. Сол уақыттан бүгінгі күнге дейін қалаға гүлдер отырғызу, талдарды баптау жұмыстарын атқарып келуде. Еңбегіне деген адалдығын ұжымы ғана емес, басшылығыда бағалайды. Қазір қол астына бірнеше қыз-келіншектерден құралған бригаданы басқарып, қаланы көгалдандыруға еңбек етуде. Бұл салада жұмыс жасап келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт болған. «Гүл егіп, тал отырғызу оларға қарап баптау хоббиыма айналды десем болады. Өз еңбегімді жақсы көремін. Жайқалған гүлдеріммен талдардан керемет әсер аламын», дейді Кенжекүл. Кенжекүл ханым алты перзентің анасы. Алтын құсақты «Күміс алқа» иегері. Ұл – қыздарының барлығын оқытып, бүгінде әрқайсысы өз мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Кенжекүл Беркінбайқызының еткен еңбегі бағаланып еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтан «Еңбек адамы» деген төсбелгі және қала әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Өз жұмысына деген құрметі шексіз еңбек адамы қала жастарына қаламыздын гүлденуіне құрметпен қарап, істеген еңбегімізді текке кетірмесе екен. Әр қаланың не үйдің жайқалып гүлденуі, абаттануы әрбір адамның өз қолында, дейді.