Кентау-Түркістан: Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты

0
276

Бұл бойынша полиция екі көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Түркістан облысының Кентау-Түркістан тас жолының 5 шақырымында “Ауди” маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты орын алып, соңынан өрт шықты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.
Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады. Жолдарда абай болыңыздар!

Leave a reply