
«Министрлік әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін республика бойынша 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етуге, су басу қаупін және трансшекаралық су ресурстарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік өңірлерде салынатын жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басу қаупінің алдын алып, қосымша 1,5 млрд текше метр су жинауға ықпал етеді. Бұл су оңтүстікте суармалы егіс алқаптарының көлемін 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.