Понедельник, 3 марта

ШАРДАРА: АУЫЗ СУ ТАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
27
Шардара ауданын таза жерасты ауыз суымен қамту мақсатында аудан орталығынан 40 шақырымға жуық қашықтықтағы «Тама-Тастанбек» жерасты су қоры учаскелеріндегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мердігер мекеме «Алтын констракшн» ЖШС-і құрылыс техникалары мен материалдарын межеленген учаскеге апарып, құрылыс жұмыстарын атқаруда.
Жоба бойынша екі жыл уақытқа созылатын жұмыстардан соң Шардара қаласы мен оған іргелес жатқан 22 елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.
Айта кетсек, құрылыс жұмыстары және оның жүзеге асу уақыттары аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бақылауында.

Leave a reply