Вторник, 4 марта

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0
29
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте 2025 жылға арналған бюджет кірістерін ұлғайту және шығыстарын қысқарту, сондай-ақ салық түсімдерінің жоспарын орындау мәселелері қаралды.
Салық түсімдерінің жоспарын орындау барысы бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шәкен Жаңбырбаев баяндама жасап, 2025 жылға арналған салық жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстарын таныстырды.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы 2025 жылға бюджет кірістерін ұлғайту және шығыстарын қысқарту туралы баяндама жасады.
Түркістан қаласының әкімі, аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, салық түсімдерін арттыру және көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Leave a reply