Вторник, 4 марта

Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

0
22
Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысына өңірдің даму жоспарын: ирригация жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту және энергетикалық жобаларды іске асыру жұмыстары туралы баяндады.
✅ Мәліметтер:
▪️Түркістан қаласы мен маңындағы 6 ауданға тұрақты су жеткізу үшін «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр.
▪️Өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру мақсатында 197 млрд теңгені құрайтын 5 мақта-тоқыма жобасы қолға алынады.
▪️Ислам даму банкі 135,5 млрд теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған.
▪️Энергетика тапшылығын жою үшін жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын 6 жоба іске асырылады.
▪️Биыл 32 мектеп салынып, тағы 41 білім ошағы күрделі жөнделеді.
▪️Мед-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі.
▪️45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.
‼️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкіміне тапсырмасы:
📌Түркістан қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеу;
📌тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді шешу.

Leave a reply