ТҮРКІСТАН: ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ СПОРТ НЫСАНДАРЫ МЕН МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТУДА

0
42

Түркістан облысында цифрлық трансформация, мәдениет пен спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, аймақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық келбеті жаңа сапалық деңгейге көтерілуде. Яғни Түркістан облысында цифрландыру, мәдениет және спорт салаларының дамуы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етуде. Облыс әкімдігі мен жауапты басқармалар бұл бағыттарда ауқымды жобаларды жалғастыра бермек. Түркістан облысында цифрландыру, мәдениет және спорт салаларының дамуы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етуде. Облыс әкімдігі мен жауапты басқармалар бұл бағыттарда ауқымды жобаларды жалғастыра бермек. 396 кітапхана, 251 клуб, 24 музей, 3 кәсіби театр, филармония мен көркемсурет галереясы. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде, 4-еуі (Арыс, Түлкібас, Сарыағаш, Келес) пайдалануға берілді. 2025–2027 жылдары қосымша 30 мәдениет нысаны салу көзделген. Бәйдібек ауданында 150 орындық заманауи мәдениет үйі ашылды, шығармашылық үйірмелермен қамтылған. 108 жаңа спорт кешенінің құрылысы, 48 нысанды жөндеу қажет деп танылды. 2025 жылға дейін 51 спорт нысанының құрылысы аяқталады. Бәйдібек ауданында жаңа спорт кешені ашылды: 3 сауықтыру кешені, 53 спорт залы, 177 алаң қызмет етеді. Облыс бойынша 3 540 спорт нысаны тіркелген.

Бұл бағытта Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында екі бірдей әлеуметтік маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Бұл нысандар Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және тұрғындардың әлеуметтік, мәдени, спорттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында салынды. Аудандағы Боралдай ауылдық округіне қарасты Амансай елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 150 орындық мәдениет үйі бой көтерді. Заманауи талаптарға сай салынған мәдениет үйі қажетті техникалық жабдықтармен қамтылып, шығармашылық үйірмелер мен қоғамдық іс-шаралар өткізуге толықтай бейімделген. Сонымен қатар ғимарат ішінде ауыл тұрғындарына арналған кітапхана қарастырылған.

Осы күні Алғабас ауылдық округіне қарасты Шақпақ елді мекенінде жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Жобаны «Real Story Invest» ЖШС іске асырды. Спорт кешенінің құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Нысан қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылды.

Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатына аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Нысандар ауыл тұрғындары мен жастардың шығармашылық қабілетін, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуға серпін беретініне сенім білдірді. Бұл нысандар жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

Айта кетейік, бүгінде Бәйдібек ауданында 238 спорт нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 су спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 3 спорттық манеж, 53 спорт залы және 177 спорт алаңы қызмет көрсетеді.

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 4 мәдениет үйі, 4 спорт нысаны, 1 мектептің қосымша оқу корпусы салынса, 20 электрмен жабдықтау, 12 газбен қамтамасыз ету нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оған қоса 4 мектеп, 4 мәдениет үйі, 3 ауыз су нысаны күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жол жөндеу саласында 102 жоба іске асырылып, 339 ішкі көше (330 шақырым) орташа жөндеуден өткізілді. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылған.

2025 жылы 139 жобаны (85 жаңа жоба, 54 өтпелі) іске асыруға бюджеттен қаржы бөлу жоспарланды. Жобаларды іске асыру барысында мыңнан аса жаңа жұмыс орнын (250 тұрақты, 833 уақытша) ашу көзделген. 2025 жылға 85 жаңа жобаларды іске асыруға 13,3 млрд теңге қарастырылмақ. Нәтижесінде 503,9 мың халық тұратын 140 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсарады. Ауылдардың инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайын жаңғыртып, қазақстандықтардың жергілікті жерде жұмыспен қамтылуына қатысты идеологияны қалыптастыруға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының

Облыс көлемінде жалпы 628 елді мекен мәдениет үйімен қамтылмаған. 181 ауылдық округ орталығының 20-сында мәдениет нысаны жоқ. 2000-нан астам халқы бар 108 елді мекеннің 88-і мәдениет нысанын қажет етеді. Оны салу үшін 23-не жобалық-сметалық құжаты жасалынған. Оның жасалуына талдау жүргізіліп, орын саны бірдей мәдениет нысандарына бөлінген қаржы көлемінің арасында алшақтықтар байқалды. Облыс әкімі осы мәселені аудан, қала әкімдіктері стандартқа сай реттеуді атап өтті.

 

Leave a reply