Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласы дамып, бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Аймақта шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің экономикалық дамуына үлестерін қосып, инвестициялық жобаларға ден қойған. Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айдың қорытындысымен 70,8 млрд. теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Жалпы өңірлік өнімнің 53,3%-ы өнеркәсіп, 20,4%-ы ауыл шаруашылығы, 18,4%-ы сауда және 7,9%-ы құрылыс салаларына тиесілі. Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 6 айда 480 мың теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,7 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 34 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 10,7 пайызға артқан. 2025 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асып, 180 жаңа жұмыс орындары құрылады. Инвестициялық әлеуетті көтеру мақсатында Киелітас ауылдық округінен 14 гектар жерге шағын өндірістік парк салу жоспарлануда. Ауданға инвестиция тарту, туризмді дамыту, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де салалар төңірегінде жұмыстар атқарылуда.
Киелітас ауылындағы битум өнімдерін шығаратын «QazaqBitum Processing» ЖШС нысанын аралап көрді. Кәсіпорын жетекшісі нысанның жұмыс жүйесін тарқатып, алдағы жоспарын баяндады. Зауыт 2011 жылы іске қосылған, 2022 жылы модернизациялау жүйесінен қайта өткен. Бүгінде мұнда автокөлік жолдарына арналған битум өнімдері шығарылады. Кәсіпорын тәулігіне 1000 тонна, ал жылына 300000 тонна зат өндіруге қауқарлы. Зауытта 140 адам жұмыс істейді. Мұнда ішкі және сыртқы экспорт ісі дамыған. Өнімдер республикадан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне жөнелтіледі. Ленгір қаласында орналасқан тігін цехының жұмысымен танысты. Аралау барысында жұмыс жүйесіне оң баға беріп, бұл салаға жан-жақты қолдау болатынын жеткізді. Мұнда жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс формасы тігіледі. Кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді. Цехта тігілген формалар еліміздің бірқатар өңірлеріне және Ресей мемлекетіне экспортталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында «Келешек мектептері» салынып, ел игілігіне берілуде. Ұлттық жоба аясында Түркістан облысында жалпы саны 29 білім ошағының құрысылы жоспарланаған. Осы тұста облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданы, Достық елді мекеніндегі 900 орындық «Келешек мектебінің» құрылыс алаңында болып, мердігерлердің жұмысын бақылады.
Білім беру саласына ерекше серпін беретін жобалардың жұмысын сапалы орындауды тапсырып, жауаптыларға уақыт пен сапаны назарға алуды тапсырды. Учаскелік жер аумағы – 3 гектар. Бүгінде құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған. Ішкі әрлеу, сырлау, шатыр орнату, қызметтері аяқталған. Заманауи мектептің инфрақұрылым жұмыстары толық реттелген. Интернет және газ қосу шаралары қолға алынған. Аудан көлемінде жалпы саны 4 «Келешек мектептерін» салу жоспарланып, бүгінде 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Алатау елді мекенінде 300 орындық, Көксәйекте 600 орындық, Киелітастағы 900 оқушыға арналған мектептер. Жаңаша бағыттағы білім ошақтарында балалардың сапалы білім алуы үшін дерлік барлық жағдай қарастырылады.
Мұнда 5 қабатты 3 тұрғын үй кешені салынып жатыр. Пәтер саны – 48, 1 бөлмелі 12 пәтер, 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 24 пәтер. Тұрғын үйдің құрылысы 2023 жылы басталып, бүгінде шатыр жабу, ішкі, сыртқы әрлеу, есік, терезе орнату сынды жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба құны 625, 5 млн.теңге. Тұрғын үй республикалық және облыстық бюджет есебінен салынған. Құрылыс жұмыстары аяқталса, биыл пайдалануға берілмек. Аралау жұмыстары аудандағы «Мейір-Бейс» жоғары медициналық және педагогикалық колледжінде жалғасты. Облыс басшысы білім ордасының мұмкіндіктерімен танысып, фармацевтикалық, стоматололгиялық дәріс беру бөлмелерін аралап көрді. Колледж жаңа форматта жұмысын жалғастыруда. Мұнда 56 маман дәріс береді. Жалпы 84 дәрісхана қарастырылған.
Туризм саласында қызмет көрсететін 254 нысан бар. 2025 жылдың 5 айында ауданға 22,5 мың демалушылар келіп, 681 млн.теңгеге қызмет көрсетілді. Өткен жылдың 5 айында 20,8 мың демалушы болса, 2024 жылдың нақты көрсеткішімен 38,7 мың демалушы келген. Ал 2025 жылға жоспар 50,3 мың демалушыны құрамақ. 2025 жылы жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 12 туристік нысандарды іске қосып, 151 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Атап айтқанда: Біркөлік шатқалында – 5 нысан; Ақмешіт шатқалында – 3 нысан; Қасқасу – 2 нысан; Керегетас – 1 нысан; Қаратөбе – 1 нысан бар. Төлеби ауданының Ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнімнің көлемі 11,6 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 119,7 пайызды құрады, жыл соңына дейінгі жоспар – 61,5 млрд.теңге. Оның ішінде мал шаруашылығы 11,4 млрд. теңге және өсімдік шаруашылығы 175 млн.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылы құны 6,2 млрд.теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру және 123 жаңа жұмыс орны құру жоспарлануда.