Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі ер адам қаза тапты

0
162

Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі ер адам қаза тапты. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әл-Фараби ауданы Циолковский көшесінің бойында жеке тұрғын үй өртенген. Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 100 шаршы метр аумақтың опырылып түскенін анықтады.

“60 шаршы метр алаңдағы сарай мен жолаушылар көлігі,  автокөлік сұйықтықтары толығымен жанып кетті. Өрт 05:18-де оқшауланып, 06:18-де жойылды. Өрттен кейін 1953 және 1985 жылы туған екі ер адамның мәйіттері табылды. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды” – делінген хабарламада.

Мәліметтерге қарағанда, өртті сөндіруге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Leave a reply