
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен барлық мемлекеттік органның басты міндеті – отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру екенін атап өткен болатын.
Осы тапсырма аясында Төлеби ауданында инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.
2025 жылғы 11 ақпандағы №56 өкіммен аудандық инвестициялық штаб құрылып, тұрақты жұмыс жүргізуде. Оның аясында:
– Инвесторлармен тұрақты кездесулер өтеді;
– Проблемалар зерделеніп, нақты шешімдер қабылданады;
– Инфрақұрылым және құжат рәсімдеу барысы бақылауда ұсталады.
Сондай-ақ, «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы негізінде инвестициялық жобаларға құқықтық қолдау көрсетілуде. Бұл – инвесторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды тетік.
Төлеби ауданы әкімдігі ісін жаңа бастаған немесе кәсібін кеңейтуге ниетті кәсіпкерлерге Заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге әрқашан дайын.
Егер заңсыз кедергілерге тап болсаңыз, аудан әкімдігіне тікелей хабарласуыңызды сұранамын.
Туризм мен кәсіпкерлікке қолайлы өңір ретінде Төлеби ауданында жаңа мүмкіндіктерге бірге жол ашамыз!
Бірлесе еңбек етіп, ауданымыздың дамуына нақты үлес қосайық!
Еркеғали Әлімқұлов,
Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі.











