ТҮРКІСТАНДА АТА ЗАҢНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

0
45
Түркістан қаласында Ата Заңның 30 жылдығына орай жаңа спорт кешендері мен мәдениет үйі қолданысқа беріледі. Осы ретте, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы зор нысандарды аралады. Алдымен М.Төлебаев көшесінде орналасқан Ә.Нұрмаханов атындағы спорт кешенінде болды. Кешенде жасөспірімдер мен балалар күрес, бокс, футбол сынды спорт түрлерімен жаттыға алады. Бұдан бөлек, қаладағы Бекзат мөлтек ауданында, Баянауыл аумағында, Мақатаев және Теріскей көшелерінде жаңа спорт кешендері салынып жатыр.
Сонымен қатар, қалада 500 орындық көрермен залы бар, заманауи талаптарға сай салынған көпфункционалды мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталды. Нысанды аралаған Әзімбек Пазылбекұлы жауапты мердігер мекемелерге ескертпелер мен кемшіліктерді белгіленген мерзімде толық аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды. Әлеуметтік нысандар 29 тамыз күні ресми түрде ашылып, ел игілігіне табысталмақ.

Leave a reply