
Сайрам ауданында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған бірқатар ауқымды шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда. Бұл бағытта жауапты мамандар жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, дөңгелек үстелдер өткізіп келеді. Отбасылық мәселе — нәзік тақырып болғандықтан, бұл салаға немқұрайлылық танытуға болмайды. Арнайы жұмысшы топ өздеріне жүктелген міндеттерді нәтижелі атқарып жүр. Жалпы, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын Қолдау Орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар қолға алынған.
Мәселен, «Отбасының құндылықтарын насихаттау және отбасындағы ұрпақтар сабақтастығы» атты іс-шара аясында ақсақалдар мен әжелер жас ұрпаққа отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында тұрақты түрде кеңестер беруде. Осы бағыттағы жұмыстарды аудан көлемінде арнайы құрылған мобильді топтар жүргізіп, аталған іс-шаралар жоспарлы әрі бірізді түрде жалғасып жатыр.
Осы тұста Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінде N4 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Кемелдену жолындағы 5 қадам» атты ата-аналар форумы өтті.
Форумға ата-аналар мен ұстаздар қатысып, бала тәрбесіндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Отбасын қолдау орталығы қызметкері Ғ.Медеуов өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру және сол тәрбиеге ана-ананың өзі лайық болуы керектігін алға тартты. Қазіргі уақытта алаңдатқан тақырыптарды ортаға салып, қауіпті іс-әрекетті алдын алудың түрлі жолдарын ұсынды. Ата-аналар бұл тәрбие бағдарламасындағы рөлі қандай, олар балалардардың, құндықтарды бойына сіңіру мақсатында қаншалықты рөлі бар, оларға түскен жауапкершілік не, ұстаздарға түскен жауапкершілік не, біз осыны әр ата-аналар төрайымдары, төрағалары, белсенді ата-аналар, психологтар, мықты ұстаздар, оқушылар жиналып өздерінің ұсыныстарымен бөлісті.
«Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында өткен іс-шарада ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында мектеп оқушыларына ұлттық салт-дәстүрлер мен адамгершілік қағидаттары туралы түсінік берілді.
Жалпы Сайрам ауданында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілуде. Бұл шаралар арқылы көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға баспана мәселесі шешілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Аналар кеңесі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа тәрбие беру бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Кеңес мүшелері түрлі жобалар арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы рухани-адамгершілік ахуалды жақсартуға үлес қосуда.
Сонымен, отбасын қолдау орталықтарының негізгі мақсаты — өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, оларды әлеуметтік бейімдеу және отбасылық құндылықтарды сақтау.
Жалпы ауданда отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, Сайрам ауданында «Отбасын қолдау орталығы» 2024 жылы шілде айында Қарасу ауылында ашылды. Бұл орталық Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады. Мұнда құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру, отбасылық жанжалдарды шешу, некені және отбасыны сақтау бағытында шаралар ұйымдастыру, қысқа мерзімді кәсіптік курстар (тігін, шаштараз, аспаз) өткізу, бүлдіршіндер үшін ойын бөлмелері мен психолог, логопед, социолог мамандардың қызметі, мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөліктер мен қамтамасыз ету, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту мүмкіндігі, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша заңгерлік кеңестер беру сынды қызмет түрлері көрсетіледі.












