
Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті құруда еліміздегі әйелдер қауымының рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесі зор. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық — бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.
Гендерлік саясат Түркістан облысында да қарқынды жүзеге асуда.
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты аудан, қалаларда отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында бірқатар маңызды шаралар қабылданып келеді. Бұл саясаттың негізгі бағыты — отбасы институтын нығайту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті дамыту болып табылады.
Отбасылық құндылықтарды нығайтуға, гендерлік саясатты жүзеге асыру, қоғамдағы әйелдердің ролін нығайтуға бағытталған бірқатар ауқымды шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда. Бұл бағытта жауапты мамандар жұмыс жүргізіп, дөңгелек үстелдер өтіп жатыр. Отбасылық мәселе қашан да нәзік тақырып болғандықтан, бұл салада жауапкершілік мол. Аудан көлемінде арнайы мобильдік топ құрылып, міндеттелген жұмысты Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын Қолдау Орталығы» қолға алған. Аталған орталық 2024 жылы шілде айында Қарасу ауылында ашылған. Бұл орталықта құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру, отбасылық жанжалдарды шешу, некені және отбасыны сақтау бағытында шаралар ұйымдастыру, қысқа мерзімді кәсіптік курстар (тігін, шаштараз, аспаз) өткізу, бүлдіршіндер үшін ойын бөлмелері мен психолог, логопед, социолог мамандардың қызметі, мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөліктер мен қамтамасыз ету, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту мүмкіндігі, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша заңгерлік кеңестер беру қызметтері көрсетіледі.
Бір ғана Сайрам ауданы ғана емес, Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсететін 17 орталық жұмыс істейді. Орталықтардың жұмысын цифрлық платформаға ауыстыру бойынша FSM Social мобильді қосымша іске қосылған.
Сонымен қатар, интеграцияланған модельді іске асыру мақсатында Отбасын қолдау орталықтары жанынан аудан, қала әкімдерінің өкімдерімен 1 жылдық мерзімге құрылған мобильдік топтар құрылған. Жалпы облыс бойынша құрылған мобильдік топтардың құрамына 4 997 адам енгізілген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарынан (613), ішкі істер органдарынан (674), білім (2 743), денсаулық сақтау саласынан (967) адам. Олардың 4693-ші немесе 94% семинарда оқытылып, біліктілігі арттырылып, жүйеге тіркелді.













