ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ

0
26

Қазығұрт ауданында құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамда әділеттілік пен заң үстемдігін нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және жастарға патриоттық тәрбие беру сияқты бірнеше бағытты қамтиды.

Осыған байланысты Қазығұрт аудандық полиция бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бөлімінің полицейлері маңызды сауалнама жүргізді. Бұл шара халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, отбасылық тұрмыстық зорлық жомбылықтың алдын алу және болдырмау, құқық бұзушылықтардың себептері зерттеу үшін ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аудан көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893 бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894 бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.

Аудан көлемінде полиция қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша бірқатар рейдтік және түсіндіру шаралары жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар «Нөлдік төзімділік» қағидаты аясында ұсақ құқық бұзушылықтар да елеусіз қалмай, құқық бұзған әрбір азаматқа заң аясында жауапкершілікке тартылуда. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық құқық бұзушылықтар және жол қозғалысы ережелерін сақтамау деректері бойынша жүйелі қадағалау орнатылған. Жергілікті полиция мен ауыл әкімдері бірлесе отырып, құқықбұзушылықтың жиі тіркелетін аймақтарда профилактикалық кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын өткізуде.

Аудан мектептері мен колледждерінде құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық сана қалыптастыру мақсатында құқық қорғау органдары мен мұғалімдердің бірлесуімен келесі бағыттарда жұмыстар атқарылуда. «Заңды білу – міндетің», «Сен және заң», «Жасөспірім және құқық» тақырыптарында ашық сабақтар, дебаттар мен тренингтер ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары оқушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллингтің салдары жайында түсіндірме жүргізді. Аудандық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен жастарға арналған құқықтық викториналар мен дөңгелек үстелдер өтті.

Қоғамда заң мен тәртіпті сақтау азаматтардың ішкі мәдениеті мен патриоттық сана-сезімімен тікелей байланысты. Осы бағытта Қазығұрт ауданында «Ауылдағы бір күнім», «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа үлгі», «Рухани жаңғыру», «Өнерлі өлке» сынды жобалар аясында ұлттық бірлік, тарихи сана, дәстүр мен мәдениетті құрметтеу идеялары кеңінен насихатталуда. Ардагерлермен кездесулер, тарихи-мәдени ескерткіштерге тағзым ету, отандық ән мен жыр сайыстары ұйымдастырылып келеді.

Қазығұрт ауданында азаматтық‑патриоттық,рухани‑адамгершілік бағыттарда өткізілген бірнеше маңызды шаралар да бар. Солардың қатарында «Ауылдағы бір күнім» — ұлттық құндылықтарды дәріптеу жобасы. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында ардагерлер ата-баба рухына тағзым етіп зиярат жасады. «Дәстүрлі құндылықтар керуені» келіп, ауыл тұрғындарымен рухани кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар ауданда азаматтық‑патриоттық пен рухани‑адамгершілікке бағытталған шаралардың кең спектрі жүзеге асырылуда. Мәдени, патриоттық және рухани көкжиегін кеңейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып, жастар белсенді түрде тартылуда. Әдеби және мәдени деңгейде тәрбиелеу, ардагерлерге құрмет көрсету, дәстүрлерді насихаттау жоғары деңгейде жүргізілуде.

Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараларда жастардың бойына ұлттық мәдениет, салт‑дәстүр, рухани адамгершілік пен имандылық қасиеттерді сіңіру мақсат етілді. Аудан әкімінің қолдауымен жеңімпаздарға автокөлік сыйға тартылды. Бұл жобалар жастар арасында тәртіп пен жауапкершілікке, елге деген құрметке баулып, құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізуде.

Аудан халқының тәртіп пен заңдылыққа деген сенімін арттыру мақсатында қоғамдық кеңестер, ардагерлер ұйымдары және ауыл ақсақалдары белсенділік танытып, жергілікті мәселелерге қатысты қоғамдық пікір қалыптастыруда. Тұрғындар құқық бұзушылықтарды дер кезінде хабарлауға дағдылануда. Өңірде «Қоғамдық тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігі» деген ұстаным кеңінен таралып келеді.

Қазығұрт ауданында «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру — бұл тек полиция жұмысы емес, бұл тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігіне айналуда. Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, жастарға бағытталған ағартушылық іс-шаралар мен патриоттық тәрбие – құқықтық мемлекеттің негізін қалап, ауданның тыныштығын сақтауға бағытталған маңызды тетік болып отыр. Тарихи және мәдени орындарда вандализмнің алдын алу шаралары жүргізілді. Ал қоғамдық орындарда тәртіп пен тәртіптілікті қамтамасыз етуде тұрғындар белсенді тартылды.

 

Leave a reply