ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» САЯСАТЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

0
24

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен әділетті шешім қабылдануы – тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Осы тұста Қазығұрт ауданында цифрландыру, халықпен кері байланыс орнату және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен бірге «Нөлдік төзімділік» саясаты ел көлемінде кеңінен талқыланып, белсенді түрде қолданылып келеді. Аталған саясат заңның үстемдігі – өркениетті қоғамның тірегі ретінде маңызды жобалардың бірегейі.

Бұл саясат – ең алдымен ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне де бейжай қарамауға серпін береді. Осы бағытта Қазығұрт ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірнеше ауқымды жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Мәселен, полиция мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде жасөспірімдер арасында құқықтық тәрбиелеу шаралары жүргізілуде.Одан бөлек, бейнебақылау жүйелері мен жедел алдын алу шаралары кеңінен қолданылуда; Қоғамдық бақылау тетіктері (тұрғындармен бірлескен рейдтер, жедел желілер, қоғамдық кеңестер) іске асырылуда.

Жеке құқық бұзушылықтарға тоқталсақ, қоқыс төгу, тыныштықты бұзу, қоғамдық орында алкоголь тұтыну сияқты — тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, азаматтардың құқықтық ақпараттануы артты. Түркістан облысында бұл қағидаттың нәтижесінде мыңдаған құқық бұзушылық түрі тіркеліп, халықтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі артты.

Жалпы «нөлдік төзімділік» саясаты тұрғындарды қоршаған ортаны ұқыпты ұстаға үйретіп, тазалық шарасына белсене атсалысуға шақыратын маңызды жоба. Осы бағытта Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар қолға алынған. Қазығұрт ауданында тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және рұқсатсыз қоқыс тастауға жол бермеу мақсатында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Облыс көлеміндегі «нөлдік төзімділік» саясатының жүзеге асуына тоқталсақ, Түркістан облысында бір күнде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Полицейлер Қарабұлақ ауылында 4 000-ға жуық үй мен шаруашылықты тексеріп, 3 000-нан астам құжатсыз малды, көші-қон заңын бұзған 24 шетелдік және заңсыз еңбек еткен 3 қазақстандықты анықтаған.

Профилактикалық іс-шаралар мен қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша Ішкі істер министрлігі заманауи цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, «Қазақстан – заң мен тәртіп» қағидатын насихаттап, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кең ауқымды шаралар өткізді. 2025 жыл басынан республикада 3,7 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген (оның көп бөлігі – жол қозғалысы ережесін бұзу).  Әлеуметтік тәртіп пен экологияны қорғау өткен жылы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында екі тәулікте облыста 739 құқық бұзушылық тіркеліп, бұл жайттар бойынша нақты шаралар қабылданды.

Мектептер мен колледждерде құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» тақырыбында 4 000-ға жуық жасөспіріммен 33 кездесу өткізілді. Полиция бекеттері жанынан 254 қоғамдық кеңес құрылып, өткен жылы 1 300-ге жуық кездесу ұйымдастырылған. Қауіпсіз қала» жобасы шеңберінде 242 бейнебақылау камерасы орнатылып, шағын құқық бұзушылықтарға байланысты 224 адам жауапкершілікке тартылған.

Рейдтер мен профилактикалық іс-шаралар – мыңдаған құқық бұзушылықты анықтап, тәртіп орнатуға септігін тигізуде. Қоғаммен түсіндіру жұмыстары – мектеп, колледж, қоғамдық кеңес деңгейінде кеңінен насихатталуда. Экологиялық тәртіпке назар аудару – табиғатты қорғау шарасында да жүйелі бақылау жүргізілуде. Қылмыстың төмендеуі – жалпы қылмыстың азаюы бұл шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Нөлдік төзімділік – ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция. Мысалы, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тіпті қоқыстарды тастау болуы мүмкін. Бұл қағида күн сайын жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған. Мысалы, өткен жылдың басынан бастап бүкіл ел бойынша, әсіресе Астана, Алматы және Қарағанды облыстарында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жұмыс белсенділігінің артуы байқалады.

Ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша фактілердің тіркелуі көбейді. Ал қоғамдық орындарда алкогольді ішу және қоқысты шығару фактілері азайды.

 

 

Leave a reply