ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

Қоғамда тәртіп пен тұрақтылықтың негізі – заңның үстемдігі мен әділеттілік принциптерінің сақталуы екені белгілі. Қазығұрт ауданында заңның үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында жұмыстар ұдайы атқарылып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Әділетті Қазақстан – баршаға ортақ мемлекет» қағидаты бүгінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік үшін басым бағытқа айналды.
Аудан аумағында заң талаптарының қатаң сақталуы, құқық қорғау органдарының ашық әрі тиімді қызметі арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артып келеді. Заң алдында бәрі тең болуы – әділетті қоғамның басты белгісі. Осы мақсатта құқықтық насихат жұмыстары, халықпен кері байланыс орнату, ашық есік күндері және қабылдаулар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Жалпы Қазығұрт ауданында заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайтуға серпін беріп шаралар жиі өтеді. Жуықта құқық қорғау органдары мен әкімшілік арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімділігіне арналған мекемеаралық жиналыс өтті. Онда салаға жауапты мамандар қатысып, заң мен тәртіпті нығайту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, құқықтық құрылымды күшейтуге және жауапты мемлекеттік органдардың құрамын реттеуге бағытталған мәслихат сессиялары ұдайы өтеді.
Сондай-ақ Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында бөлімінің полицейлері маңызды сауалнама жүргізді. Бұл шара халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, отбасылық тұрмыстық зорлық жомбылықтың алдын алу және болдырмау, құқық бұзушылықтардың себептері зерттеу үшін ұйымдастырылды.
Маңызды жиынға аудандық Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері қатысты. Шараны Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы ұйымдастырды. Қазығұрт аудандық мәслихаты заңнамалық және әкімшілік мәселелерді қараған кезектен тыс сессияларын өткізіп келеді. Онда 2025–2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекіту. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту. Терроризмге қарсы комиссия құрамына өзгерістер енгізу. Шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу. Қылмыстық жазаларды өтеген адамдарға көмектесетін консультациялық-кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізу тақырыбында пікір алмасты. Бұл сессиялар әкімшілік-ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуге бағытталған, оның ішінде құқықтық салаға тиесіл мәселелер де қамтылған — мысалы, жаза өтегендерге көмектесу, балалар мен әйелдер мәселесі, терроризмге қарсы, шекаралық үйлестіру комиссияларының құрамы.
Жалпы ауданда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында ведомствоаралық комиссиялар ұйымдастырылған. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді: Құқық бұзушылықты және балалардың қадағалаусыз қалуын алдын алу, жай-күйін анықтау және түзету; Әлеуметке социалдық оңалту бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу; Ұйымдардың тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жағдайларын бақылау және тексеру; Қажет жағдайда балаларды білім беру мекемелеріне орналастыру, қорғау шараларын іске қосу жұмыстары қаралады. Комиссия құрамына ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдары, әлеуметтік қорғау, және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия төрағасы әкімі немесе оның орынбасары болып табылады. Қадағалаусыз қалған, құқық бұзушылыққа ұшыраған немесе әлеуметтік қауіп жағдайындағы балалар анықталып, арнайы шешім қабылданады. Бұл шешім білім беру, ішкі істер, әлеуметтік қорғау органдарына жіберіліп, олар 2 апта ішінде шара қолданғаны туралы хабарлайды.
Қазығұрт аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында келесі мәселелер қаралды. Жастар арасындағы қылмыс пен өзіне-өзі қол жұмсау сияқты жағымсыз жағдайларды алдын алу. Жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. «Қауіпсіз жол» жобасы бойынша білім беру ұйымдары жанындағы жол инфрақұрылымын жақсарту.
Бұл мәселелер бойынша аудандық полиция, білім бөлімі, жол-коммуналдық бөлімдері өз баяндамаларын жасап, ұсыныстар хаттамаға енгізілді. Қазығұрт ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі — комиссиялар арқылы үйлестірілген, нақты шараларға негізделген, жүйелі бақылауға сүйенген құрылым. Бұл жүйе құқық бұзушылықты алдын алудан бастап, демалыс қауіпсіздігі мен инфрақұрылымдық шараларға дейін қамтиды.











