САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Сайрам ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері туралы комиссия отырысы өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық жайында баяндама жасады. Жасөспірімдер тарапынан 2 қылмыс жасалып, 23 құқықбұзушылық тіркелген. 35 жасөспірім мен 30 жайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылып, жүйелі бақылау жүргізілуде. Мектептерде тәуекел топтағы оқушылармен тұрақты психологиялық түзету шаралары өткізіліп, мобильдік топ пен педагог-психологтардың көмегімен 25 мыңнан астам оқушы қамтылған.
Сайрам аудандық орталық ауруханасы ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі басшының орынбасары Ләйлә Қарасаева өз баяндамасында суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті. Өкінішке орай, ағымдағы жылдың қазіргі таңына дейін өзіне-өзі қол жұмсау дерегі артқан. Ерте жүктілік көрсеткіші өткен жылмен осы кезеңімен салыстырғанда 14-тен 3-ке дейін азайған.
«Отбасын қолдау орталығы» консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу бөлімшесінің меңгерушісі Ғалым Медеуовтің мәліметінше, аталған маңызды мәселелерге байланысты мекеме тарапынан 38 алдын алу іс-шарасы өткізіліп, тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетілген. Жалпы бұл бағытта Сайрам ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен, жергілікті атқарушы, уәкілетті және құқық қорғау органдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу және оны болдырмау бағытында аудан жастарымен кездесу өткізілді.
Аталған кездесуде аудан прокуроры жастарға құқықбұзушылыққа бой алдырмай, болашаққа кері әсерін тигізетін жағдайлардан сақ болу қажеттілігі түсіндірілді. Жиын соңында жастарға жақсы білім алып, елге адал қызмет ету керектігін де ерекше атап айтты.
Сонымен, Түркістан облысы — Қазақстандағы демографиялық өсімі жоғары және жас отбасылар шоғырланған өңір. Мемлекет пен өңірлік басқарманың «Отбасы институтын» нығайтудағы стратегиялық бағыты қазіргі уақытта жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жастарды отбасылық өмірге психологиялық және құқықтық тұрғыдан дайындау курстары, Некеге тұрушы жас жұбайларға тегін кеңес беру орталықтарын ашу, Ажырасу деңгейін төмендетуге бағытталған қоғамдық және діни ұйымдармен бірлескен іс-шаралар, Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыға моральдық және материалдық қолдау көрсету.
Осы бағдарлама аясында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста 6 жаңа “Отбасы орталығы” ашылып, жас жұбайларға тегін кеңес қызметі көрсетілуде.
Биыл облыс бойынша отбасын қолдау орталықтарының саны 17-ге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 орталыққа артық екенін көрсетеді. Әр орталықта шамамен 160 маман жұмыс істеп жатыр, олардың техникалық жабдықталуы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың наурызынан бастап “FSM Social” мобильді қосымшасы енгізіліп, әлеуметтік қолдау процесі автоматтандырылды — бұл өмірлік қиындыққа тап болған азаматтарға жедел қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысындағы отбасылық бағдарламалар кешенді әрі жан-жақты сипатқа ие: “Отбасы – қоғамның тірегі” бағдарламасы арқылы жас отбасыларға білім мен қолдау, Отбасын қолдау орталықтары мен “FSM Social” қосымшасы арқылы цифрлық тиімділік, “Қамқорлық” бағдарламасы арқылы нақты көмек пен тұрғын үй, перзентханалар мен цифрлық жүйелер арқылы аналарға арналған медициналық қолдау, білім беру, мәдени және психологиялық қолдау арқылы отбасы өмірінің сапасын арттыру, алдағы жоспарлар арқылы қоғамдық сананы нығайту. Бұл бағдарламалар Түркістанды отбасылық саясатта үлгі өңірге айналдырып отыр әрі болашақ буынға тұрақты, берік отбасылық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалар қатарына жатады.
Айта кетелік, Қаңтар айында Түркістан облысында 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Түркістан облысында 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл қадам Президенттің халықтың әл-ауқатын арттыру және өмір сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, әлеуметтік осал топтар мен көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
Түркістан облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен жекелеген азаматтарға жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызметке тарту, кәсіби дағдыларды игеру, құқықтық проблемаларды шешу, психологиялық көмек көрсету сияқты мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы жиындар өтіп келеді.













