САЙРАМДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ, ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ҰДАЙЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
46

Сайрам ауданында отбасын қолдау, дамыту бағытында түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Яғни отбасының әл-ауқатын бағалау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған 9 критерий негізінде автоматты түрде айқындалады. Нақтырақ айтқанда, отбасының әлеуметтік саламаттылығы, жұмыспен қамтылуы, кірістер және кредиттік міндеттемелері, ауыл шаруашылығы, жылжымалы мүлкі, әлеуметтік қорғалуы, денсаулық деңгейі, білім деңгейі, тұрғын үй жағдайлары есепке алынады. Қазақстанда отбасы институтын қолдау және дамыту бойынша заң актілері мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Отбасын, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің бақылауында. Қазақстанда отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасының басым моделін ілгерілету, бала тууды көбейту, барлық қоғамдық салаларда гендерлік теңдікті дамыту – республикадағы отбасы саясатының негізгі құрамдас бөлігі.

Қазақстандық отбасылар туралы Ұлттық баяндама осыдан бірер жыл бұрын Қазақстандық қоғамдық даму институты арқылы жүргізілген. Көлемді зерттеуге сәйкес, көпбалалы отбасындағы ауызбіршіліктің басты себебі жұбайлар арасындағы махаббат, өзара түсіністік пен келісім екені анық болған. Ал материалдық игілік пен бала туу көрсеткіші аз пайызды құраған.

Сонымен қатар бізде Отбасы институтын зерттеу орталығы да бар. Ал оның жұмысы бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бірнеше әдістемелік құралдарды әзірледі: тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының үздік практикалары бойынша; жастарды отбасылық өмірге дайындау бойынша; агрессорлармен жұмыс бойынша; тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі ақпараттық анықтамалық-нұсқаулық. Біздің орталықтың қызметі қоғамдық отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некенің маңыздылығын қолдауға және дамытуға бағытталған. Өйткені отбасын құрып қана қоймай, сенім, шыдамдылық, түсіністік пен өзара қолдауға негізделген бүкіл әлемді қалыптастыру маңызды, – дейді Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышева.

Бүгінгі таңда Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы және отбасын нығайту мен қазақстандықтардың әл-ауқаты бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған. Көпбалалы отбасылардың жағдайы мен дамуын зерттеу бойынша әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, көпбалалы қазақстандық ата-аналардың көпшілігі отбасын өмірдің мәні деп санайды. Респонденттердің 75,1% осындай жауап берді, – дейді ол.

Осы ретте Халықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады. Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп, 36 818 жұп некеге тұрған.

Оған қоса ауданда пробация есебінде тұрған азаматтар – сот үкімімен жаза өтеудің баламалы түріне жіберілген және қоғамда түзелу мүмкіндігі берілген тұлғалар. Олармен жұмыс жүргізу барысында психологтардың рөлі ерекше маңызды. Психологтар ең алдымен азаматтың психологиялық жай-күйін, тұлғалық ерекшеліктерін, мінез-құлқындағы проблемалық тұстарын анықтайды. Арнайы тесттер мен сұхбаттар арқылы олардың қылмыс жасау себептері, әлеуметтік бейімделу деңгейі және өмірлік дағдылары бағаланады.

Жұмыс барысында психологтар келесі бағыттарға көңіл бөледі: Қайталама қылмыстың алдын алу; Агрессияны басқару және эмоциялық тұрақтылықты дамыту; Қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру; Мотивацияны арттыру және өмірлік мақсат қоюға үйрету.

Пробация қызметі мен психологтардың бірлескен жұмысы – азаматтың қайта әлеуметтік ортаға бейімделіп, заңға бағынатын, жауапты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай қолдау қылмыс деңгейін төмендетуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі.

Сайрам аудандық пробация қызметі мұқтаж азаматтарды тұрақты жұмысқа тарту мақсатында 17 жұмыссыз азаматты бағдарламаға қосып, халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жұмысқа орналастыру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде 14 адам квота бойынша жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 8 азамат арнайы бекітілген мекемелерге орналасты. 5 адам тұрақты нарықтағы жұмыс орындарына жіберілді. 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа (аула тазалау) бағытталса, тағы 2 — әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

Сонымен қатар бір адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның отбасындағы кәмелетке толмағандарға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді.

Мұндай азаматтармен қайта құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу жиыны ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары, прокуратура, полиция, пробация қызметінің басшылары мен мамандары қатысты. Солтүстік жарты жылдықтың есебінде: Пробация есебіне 145 азамат тіркеліп, оның 41-і есептен шығарылды.

Қолданыстағы шаралар қатарында — тұрақты тексерулер, профилактикалық сұхбаттар, алдағы уақытта реструктуризация және құқық қорғау органдарымен үйлесімді жұмыс жүргізу бар.

Leave a reply