ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

0
27

Қазығұрт ауданында балалардың құқықтарын қорғау олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігі білім беру ұйымдары құқық қорғау органдары және қоғамдық бірлестіктердің бірлесуімен бала құқығын қорғауға бағытталған жиналыстар мен тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде. Бала құқығын қорғау мәселесі аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында. Аудан әкімінің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырыстарында мектеп жасындағы балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу кәмелетке толмағандарға қатысты зорлықтың жолын кесу және отбасындағы тәрбиелік ахуалды жақсарту бағыттары қаралды. Комиссия құрамына полиция қызметкерлері білім бөлімі мамандары мектеп директорлары әлеуметтік қызметкерлер және ата аналар комитетінің өкілдері кірді.

Аудан мектептерінде бала құқықтары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Мектептерде Бала құқығы адам құқығы атты құқықтық онкүндік шеңберінде ашық сабақтар тәрбие сағаттары тренингтер мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл шаралар барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп қандай жағдайларда көмек сұрай алатыны жөнінде нақты ақпарат берілді.

Қызылтаң мектебінде өткізілген құқықтық онкүндік аясында оқушылар арасында Құқығым бар тақырыбында эссе жазу байқауы мен құқықтық пікірталас сабақтары өтті. Бұл жұмыстар оқушылардың құқықтық ойлауын дамытуға және өз ойын еркін жеткізе білуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар білім беру мекемелерінде мектеп инспекторлары мен психологтардың қатысуымен буллинг кибербуллинг және отбасылық зорлық зомбылық тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылды. Оқушыларға олардың құқықтарын бұзу жағдайында қайда жүгінуге болатыны және қандай қолдау түрлері көрсетілетіні туралы түсіндірілді.

Аудан бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен мектеп психологтары арасында өзара байланыс орнатылып дер кезінде алдын алу шараларын қабылдау тетіктері жетілдірілуде. Балаларға қатысты құқық бұзушылықты ерте анықтау мақсатында оқу орындарында қауіп топтарындағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізіліп келеді. Жастар ресурстық орталығы мен аудандық білім бөлімі бірлесіп балаларға құқықтық ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті түрде жеткізетін интерактивті кездесулер ұйымдастыруда. Бұл кездесулерде балалар өздерін мазалаған сұрақтарын ашық қойып заңгерлер мен мамандардан нақты жауаптар алу мүмкіндігіне ие болуда.

Аудан әкімдігі тарапынан балалардың құқықтарын қорғау тек құқықтық жағынан емес сонымен қатар әлеуметтік психологиялық және тәрбиелік бағыттар бойынша да кешенді түрде жүргізілуі тиіс екені атап өтілді. Осыған орай отбасылармен жұмыс әлеуметтік қолдау қызметтері және ата аналарды құқықтық сауаттандыру бағытында да шаралар қолға алынуда. Қорыта айтқанда Қазығұрт ауданында бала құқығын қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асырылып әрбір баланың қауіпсіз ортада білім алып дамуына жағдай жасау басты міндет ретінде қарастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып балалардың мүддесін қорғау бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың үйлесімді іс әрекеті негізінде жаңа деңгейге көтерілмек.

Жалпы алғанда Қазығұрт ауданында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру психологиялық қолдау және құқықтық қорғау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет етуі қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруда маңызды рөл атқаруда. Қазығұрт ауданында жасөспірімдердің құқықтарын қорғау оларды қоғамға бейімдеу және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімдігі құқық қорғау органдары білім беру ұйымдары және қоғамдық құрылымдар бірлесіп балалардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде кездесулер жиналыстар мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып келеді.

Аудан мектептерінде жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық тәрбие сағаттары пікірталас сабақтар тренингтер мен кездесулер өткізілді. Бұл іс-шараларға мектеп инспекторлары психологтар құқық қорғау мамандары мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы олардың құқықтары мен міндеттері сондай-ақ заң бұзушылық жағдайында қандай әрекет жасау керектігі түсіндірілді.

Жастар ресурстық орталығы мен білім бөлімі ұйымдастырған Жасөспірім және заң атты кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдер арасындағы жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы айтып өтті. Сонымен қатар олар қандай жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туындайтынын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Аудандық прокуратура мен полиция бөлімі бірлесіп құқықтық профилактика мақсатында Жасөспірімдердің қауіпсіздігі бәрінен маңызды атты акция өткізді. Бұл акция аясында мектеп оқушыларына құқықтық жаднамалар таратылып олардың заң алдындағы жауапкершілігі мен қорғалуы жөнінде түсінік берілді.

Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында жасөспірімдердің ортасында туындайтын әлеуметтік-психологиялық мәселелер талқыланып әрбір нақты жағдай бойынша кешенді шешімдер қабылданды. Комиссия мүшелері ауылдық округтерде оқушылармен және ата-аналармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек Қазығұрт ауданындағы барлық білім беру мекемелерінде құқықтық апталықтар аясында Құқығым бар Бала құқығы – басты назарда сияқты тақырыптарда шығармашылық байқаулар эссе жазу конкурстары мен сурет көрмелері ұйымдастырылды. Бұл шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және өз құқығын тануға септігін тигізді.

 

 

Leave a reply