САЙРАМДА АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

0
30

Отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау – бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір қабылданған шара нақты нәтиже беруі керек.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы­лық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше заңға қол қойды. Президент­тің зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату бастамасы қоғам тарапынан қызу қолдау тапты.

Ана мен бала құқығын қорғау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп тұр. Сайрам ауданында ана мен бала құқығын қорғау және отбасылық зорлық‑зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық орындарда плакаттар орналастырып, жадынамалар таратылып, құқықтық түсінік жұмыстары жүргізілді. Полицейлер мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен колледж студенттері арасында құқықтық түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.  Осы ретте ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері тарапынан Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізілді. Іс-сапар барысында комиссия өкілдері Сайрам ауданындағы Отбасын қолдау орталығына арнайы барды. Бұл бағытта түрлі басқосулар өтіп, онда «Отбасын қолдау орталықтарының» қызметі, некені сақтау және отбасылық жанжалдарды шешу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті жерлерде құрылған мобильді топтар арқылы кешенді көмек көрсету, цифрландыру үдерісі, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мен гендерлік саясат бағытындағы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыстар талқыланды.

Leave a reply