ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

0
52

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары Сайрам ауданы аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы аясында жалғасуда. Акцияның негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды жұртшылыққа кеңінен таныстыруға бағытталған.

Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Н.Қадыржан Сайрам аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Алиханмен бірлесіп, акция аясында көпшілік орындарда жадынамалар таратып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, орталық көшеде плакат ілініп, жадынамалар таратылды

Тұрмыстық зорлық‑зомбылықты болдырмай, ана мен баланы қорғау, отбасы институтының маңыздылығын қоғамға жеткізу. Әлеуметтік жағынан маңызды орындарда плакаттар ілініп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді; полиция инспекторы мен әкімдік қызметкерлері қоғамды осындай акциялармен таныстырды.

Бұл акция аясында «Тұрмыстық зорлық‑зомбылық — қоғам кеселі» тақырыбында дәріс өтті. Оған жергілікті мәслихат депутаттары, полиция, колледж студенттері және түрлі ұйым өкілдері қатысты. Өткізілген дөңгелек үстелдер, дәрістер отбасылық құндылықтарды насихаттауға және құқықтық түсіндіруге бағытталған. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тұрмыстық‑зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсетеді:

Уақытша тұру (қайғылы жағдайда), әлеуметтік‑психологиялық және құқықтық қолдау; Профилактикалық шараларды ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу; Мүдделерді қорғау, қажетті бағалау жұмыстарын жүргізу. Сайрам ауданында отбасылық зорлық‑зомбылықты алдын алуға арналған түрлі шаралар өткізілуде, оның ішінде: 2025 — «Отбасындағы зорлық‑зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы. «Зорлық‑зомбылықсыз 16 күн» дәстүрлі акциясы аясында дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрбан тұлғаларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Жалпы Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді. Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында отбасылық зорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, былтыр 1 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 56,3%-ға азайған. 2017 жылы құрылған Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметтері осы уақыт ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарымен, олардың отбасыларымен жұмыс істеп, елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл қызметке деген сенім арттырылып зорлық-зомбылықтың анықталуы көрсеткіші жоғарылаған. Былтыр 2,5 мыңнан астам әйелге кешенді психологиялық сүйемелдеу көрсетіліп, 400-ден астам отбасы тиранымен түзету жұмыстары жүргізілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында отбасын қолдау орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан бері орталықтардың көмегіне облыс бойынша 700-ден астам адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық, заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетіледі. Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңыздылығы зор. Орталыққа жүгінген тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері болған азаматтарға уақытша баспана да беріледі. Мемлекет Басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды басты назарда ұстауды тапсырды. Аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін өңірімізде нақты жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағындағы аудан, қалаларда құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының» жұмысын одан ары қарай жетілдіру керек. Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажет.

Leave a reply