САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0
19
24 қыркүйекте Сауран аудандық мәслихатының кезекті 36-шы сессиясы өтті. Жиын аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев пен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, әкімнің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің жетекшілері, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
✔️Сессия күн тәртібінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың есебі, білім бөлімінің жаңа оқу жылына дайындығы, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы салаларының жұмыстары қаралды. Сонымен қатар Шорнақ, Иассы, Бабайқорған және Майдантал ауылдық округі әкімдерінің есептері тыңдалды. Бұдан бөлек «Қазсушар» Түркістан филиалы, «Ветеринариялық қызметі» МКК аудандық филиалы, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық газ қызметінің басшылары атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
✔️Сессия барысында депутаттар ұсынылған есептерді талқылап, нақты сұрақтар қойып, тиісті салалар бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Мәслихаттың кезекті 36-шы сессиясында қаралған мәселелердің барлығы талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a reply