Заңгерліктен өндіріс басшылығына дейінгі жол

Елімізде адал еңбегімен көзге түсіп, кәсібіне беріктігімен ерекшеленген азаматтардың қатарында Тұрсынханов Бекет Дәулетханұлы да бар. Ол 1978 жылдың 27 қарашасында дүниеге келген. Жастайынан талапшыл, білімге құштар болып өскен ол мемлекеттік тіл мен орыс тілін еркін меңгеріп, кәсіби жолын заң саласынан бастап, кейіннен өндіріс пен басқаруда өзін көрсетті.
Алғашқы кәсіби білімін 1996–1998 жылдары Шымкент экономика және құқық колледжінде алып, заңгер-құқықтанушы мамандығын игерді. Кейін 2013–2015 жылдары Шымкент қаласындағы Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінде білімін толықтырып, кәсіби деңгейін жаңа сатыға көтерді.
Еңбек жолын 2001 жылы Мырзакент кентіндегі аудандық соттың сот отырысының хатшысы қызметінен бастаған ол қысқа мерзім ішінде тәжірибе жинап, заңгерлік салада білікті маман ретінде танылды. 2003–2007 жылдары Алматы қаласындағы «Альянс финанс» компаниясында маман, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Корпорация Мырзакентте» заңгер қызметін атқарды. Бұл жылдарда ол жауапкершілік пен адалдықты басты қағида етіп, кәсіби біліктілігін шыңдады.
2007–2015 жылдары «Мырзакент Секьюрити» компаниясының директоры болып, кәсіпті басқаруда мол тәжірибе жинақтады. Сонымен бірге «Компания Самрук» ЖШС-де заң бөлімінің бастығы қызметін атқарып, бизнес пен құқық саласын ұштастырды. Кейінгі жылдары «Zero Max Kz» ЖШС мен «ОРК Саби» ЖШС-де де жауапты басшылық қызмет атқарып, іскерлігімен көзге түсті.
2017–2018 жылдары «Интергаз Центральная Азия» акционерлік қоғамының Шымкенттегі филиалында заң бөлімінің бастығы ретінде жұмыс істеп, еліміздегі энергетика саласына да үлес қосты.
2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласындағы «Azala Cotton» ЖШС-нің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. Оның басшылығымен кәсіпорын өндірістік қуатын арттырып, өңір экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Адал азамат – ел дамуының тірегі». Осы қағиданы өмірлік ұстаным еткен Бекет Дәулетханұлы әрбір қызметінде әділдік пен жауапкершілікті бірінші орынға қойып келеді. Оның еңбек жолы мен кәсібіне адалдығы жас ұрпаққа үлгі, елге сенім беретін дара жол.












