САЙРАМ: «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ» ОРТАЛЫҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ТҰРАҚТЫ ӨТКІЗУДЕ

0
32

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Президент тапсырмасына сәйкес, қолданыстағы заңнамалар өзектендіріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық құқық бұзушылық санатына өткізіліп, жазалар қатаңдатылды.

Ана мен бала құқығын қорғау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп тұр. Бұл мәселелер қатаң бақылауда.

Облыстарда жаппай «Отбасы қолдау орталықтары» ашылып, қазіргі таңда мақсатты топпен жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Сайрам ауданы, Қарасу ауылында орналасқан «Отбасын қолдау орталығы» 2024 жылы қараша айында ашылған болатын. 25 штат бірлігі бар мекемеде 10 кабинет жұмыс істеп тұр. Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуге арналған мекеме қазіргі таңда белсенді қызмет етіп келеді.

Орталықтың қызметкерлері күнделікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстар жүргізіп, семинарлар өткізуде. Мәселен, қазан айы басталғалы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» мамандары «Белсенді ұзақ өмір» орталығының қызмет алушыларына арнап «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шара аясында ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар мен аға буынның өмірлік тәжірибесі туралы мазмұнды әңгімелер қозғалды. Қатысушылар ой бөлісіп, белсенді түрде пікір алмасты.

Сондай-ақ, орталық мамандары Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің студенттерімен кездесіп, «Өмірдің баға жетпес құндылығы» тақырыбында мағыналы семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және әрбір сәттің маңызын түсіндіру болды. Тренинг барысында мотивациялық бейнематериалдар көрсетіліп, «Мен үшін өмір деген не?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. «Өмірлік құндылықтар» жаттығуы арқылы студенттер өз таңдауларын жасап, «Өмірге хат» атты ерекше психологиялық тапсырмалар легін орындады. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, өмірдің мәні мен құндылығы жайлы жүрекжарды ойларын ортаға салды.

Leave a reply