
Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміз бойынша «Отбасын қолдау орталықтары» халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан аудандарда және қалалардағы аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған болатын.
Бұл орталықтар аты айтып тұрғандай, мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру; өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдаумен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру; өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу қызметтерін үйлестіреді.
Түркістан облысында қазіргі таңда аудан-қалаларда 17 Отбасы қолдау орталығы жұмыс істеп тұр.
Сайрам ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүзеге асыруға бағытталған, отбасылық құндылықтарды насихаттап, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсететін орталық бар.
«Отбасы қолдау орталығында» көпбалалы, аз қамтылған, зорлық-зомбылық көрген, өмірлік дағдарыс, апатты жағдайға тап болған отбасыларға неке беріктілігін сақтау бағытында құқықтық, психологиялық, әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.
Биыл 25 маман қызмет көрсететін мекемеде «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі» мобильді топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда мобильді топтың қатысуымен 14 отбасының мәселелері қаралып, оңтайлы шешім шығарылған. Яғни, орталықтың кәсіби мамандары әр отбасының мәселелесін жекелей қарап, талдап, тиісті оңтайлы шешімді шығаруға өз үлестерін қосқан.
Сондай-ақ цифрландыру үдерісіне сәйкес, FSM Social ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мобильді қосымша өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға қолдау көрсету үдерісін автоматтандыруға бағытталған. Жүйе — жеке көмек жоспарларын құру және мемлекеттік органдардың әрекеттерін үйлестіру үшін цифрлық құралдарды пайдаланады.
2025 жылдың қаңтар айынан бері 478 өтініш тіркелген. Оның ішінде консультация – 252 адамға кеңес берілсе, 231 адам орталыққа хабарласқан.
Сигналдар бойынша:
- пробация қызметінен-158;
- ауыл округтерден -4;
- ауруханадан — 3;
- полиция басқармасынан — 4.
Орталық қызметкерлері тарапынан 309 өтініш тіркелген.
Айта кетейік, былтыр қара күзде ашылған бұл орталықтың ішінде кәсіппен айналысамын деген тұрғындарға қысқамерзімді тігін, шаштараз, аспаз секілді арнайы курстар оқытылады. Сонымен қатар, бүлдіршіндер үшін ойын бөлмелері бар. Мұнда психолог, логопед, социолог мамандар жұмыс істейді.
Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңыздылығы ерекше.













