Кентауда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

0
32

Кентау қалалық Мансап орталығында «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында Кентау қаласы прокуратурасының қызметкерлері «Құқықтық дәріхана» атты азаматтарды қабылдау акциясын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету болды.

Акция барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған түрлі құқықтық сұрақтарын қойып, нақты жауаптар мен тәжірибелік кеңестер алды. Прокуратура өкілдері еңбек, әлеуметтік, отбасы және тұрғын үй салаларына қатысты өзекті мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай кездесулер қоғамда заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті арттыру арқылы тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың нығаюына жол ашады.

«Құқықтық дәріхана» акциясы Кентау қаласында тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы тиімді алаңға айналып келеді.

Leave a reply