Мансап орталығында еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды

0
29

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директорының орынбасары Болат Досыбаев Кентау қалалық Мансап орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өңірлік жұмыс беруші картасының орындалу барысы қаралып, жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштерге жоғары деңгейде қол жеткізу міндеті жүктелді. Болат Досыбаев субсидияланған жұмыс орындары аяқталғаннан кейін азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, міндетті зейнетақы аударымдарының уақтылы және толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету маңызды екендігін ескертті.

Бұдан бөлек, халық арасында Enbek.kz порталының мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру және электронды еңбек биржасын белсенді пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Сөз соңында директордың орынбасары ұжым мүшелеріне қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және жұмыста жоғары жауапкершілік пен тиянақтылық таныту қажеттігін қадап айтты.

Бұл кездесу еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Leave a reply