Төлеби ауданында газ құбырына соғылған көлік өртенді

0
120

QazaqGaz Aimaq АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Түркістан облысы Төлеби ауданы Абдулабад ауылында газ құбыры маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен мамандар көліктің газ құбырының жерүсті бөлігіне соғылғанын анықтаған. Құбырдың зақымдануы салдарынан газ алауы тұтанып, автокөлік өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар «Зертас» газ тарату қосынынан газ беруді уақытша ажыратып, жедел техникалық жұмыстар жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыларды газбен жабдықтау қалыпты режимде сақталып, абоненттер көгілдір отыннан ажыратылған жоқ.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жағдай тұрақты бақылауда. Барлық қажетті қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін нысан қалыпты жұмыс режиміне көшіріледі.

Leave a reply