ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП, ҚҰРЫЛЫС, ЖИҺАЗ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

0
55

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі — Қазақстандық қамту үлесін арттыру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар отандық өндірушілерді қолдауға, өңірлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жергілікті өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бүгінде облыста мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар тарапынан жергілікті өндірушілердің өнімдері мен қызметтерін тұтынуға басымдық беріліп, қазақстандық қамтуды кеңейту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Жалпы Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа экономикалық бағыт белсенді жүзеге асырылып жатыр. Өңір қысқа мерзім ішінде рекордтық инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашу, агро­өнеркәсіпті терең өңдеу және индустриялық аймақтарды дамыту бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты.

Соңғы жылдары Түркістан облысында құрылыс материалдарын шығару, жиһаз өндірісі, азық-түлік өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау салаларында жүзеге асырылған жобалардың саны артып келеді. Бұл өңірде өндірілетін өнімдердің ішкі нарықтағы үлесінің ұлғаюына және импортқа тәуелділіктің төмендеуіне ықпал етуде.

Облыста құрылыс саласының қарқынды дамуы жергілікті құрылыс материалдарына деген сұранысты арттырды. Нәтижесінде кірпіш, цемент өнімдері, темір-бетон бұйымдары, есік-терезе конструкциялары және басқа да құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қуаты ұлғайып келеді. Мемлекеттік және жеке құрылыс жобаларында жергілікті өнімдерді пайдалану тәжірибесі кеңейіп, қазақстандық қамту көрсеткіштерінің жақсаруына негіз болуда.

Сонымен қатар өңірде жиһаз өндірісі де жаңа деңгейге көтерілуде. Білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар мен әлеуметтік нысандар үшін қажетті жиһаздардың басым бөлігін жергілікті кәсіпорындар өндіруде. Бұл саладағы өндірістер заманауи технологияларды енгізіп, өнім сапасын арттыру арқылы ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік алып отыр.

Азық-түлік өндірісі саласында да оң өзгерістер байқалады. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикадағы жетекші өңірлердің бірі болғандықтан, жергілікті шикізатты өңдеу бағытындағы кәсіпорындардың жұмысы жандануда. Өңірде өндірілген азық-түлік өнімдері облыс тұрғындарын қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің басқа өңірлеріне де жөнелтілуде. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірлік брендтердің қалыптасуына ықпал етуде.

Қазақстандық қамтуды арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды нәтижелерінің бірі – жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Өндіріс көлемінің ұлғаюы кәсіпорындардың қосымша жұмыс күшіне деген сұранысын арттырып, мыңдаған азаматтың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беруде. Әсіресе ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы халықтың табысын арттыруға және көші-қон үдерістерін азайтуға оң әсерін тигізуде. Түркістан облысында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктердің жұмысы дамытылуда. Мұндай өндірістік алаңдар кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылымды ұсынып, жаңа өндірістерді іске қосуға қолайлы жағдай қалыптастыруда. Соның нәтижесінде жергілікті өнім өндірушілердің саны артып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті нығаюда.

Алдағы кезеңде облыста қазақстандық қамту үлесін одан әрі арттыру, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті өнімдердің үлесін көбейту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу, өндірістерді жаңғырту және кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шараларын кеңейту арқылы жергілікті өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделіп отыр.

Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі ретінде өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Бұл бағытта индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерді дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және инвесторларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, жергілікті халықты жұмыспен қамту деңгейі артып келеді.  Құрылыс материалдарын өндіру саласы өңірдегі ең белсенді дамып келе жатқан бағыттардың бірі саналады. Құрылыс қарқынының өсуіне байланысты цемент, кірпіш, бетон бұйымдары, металл конструкциялар және әрлеу материалдарын шығаратын кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтуда. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Жалпы облыста жиһаз өндірісі негізінен урбандалу деңгейі жоғары, инфрақұрылымы дамыған және өндірістік аймақтар қалыптасқан бірнеше аудан мен қала аумағында шоғырланып отыр. Бұл сала шағын және орта бизнес ретінде кең таралып, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде біртіндеп өндірістік деңгейге көтерілуде. Жиһаз өндірісі облысқа қарасты аудан, қалаларда жүзеге асырылып келеді. Түркістан қаласы мен Сауран, Сайрам, Ордабасы және Түлкібас аудандарында белсенді дамып келеді. Бұл бағыт өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын құруға айтарлықтай үлес қосуда. Мәселен облыс орталығында жиһаз өндірісінің ең белсенді дамып жатқан орталықтарының бірі. Қалада шағын шеберханалармен қатар, білім беру және мемлекеттік мекемелерге арналған жиһаз шығаратын өндіріс орындары жұмыс істейді. Қалада өндірістік инфрақұрылымның дамуы мен сұраныстың жоғары болуы бұл саланың кеңеюіне ықпал етуде. Ал Сауран ауданында  жиһаз өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Әсіресе индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктердің іске қосылуы кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылымда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Мұнда мектеп, балабақша және кеңсе жиһаздарын шығаратын кәсіпорындар қалыптасуда. Сонымен қатар Сайрам, Ордабасы, Түлкібас аудандарында жиһаз жасауға бағытталған шағын кәсіпорындар көбейіп келеді.

Сондай-ақ, машина жасау саласында да бірқатар жобалар жүзеге асырылып, өндірістік әлеует кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, қосалқы бөлшектер шығару және өндірістік жабдықтар өндіру бағыттары бойынша жаңа кәсіпорындар іске қосылуда. Бұл өз кезегінде өңірдің өндірістік инфрақұрылымын күшейтіп, технологиялық дамуға жол ашуда.

Жалпы, аталған салалардағы жобалардың көбеюі Түркістан облысының өнеркәсіптік дамуына тың серпін беріп отыр. Өндіріс көлемінің артуы, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарының ашылуы өңір экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етуде. Сонымен қатар қазақстандық қамту үлесін арттыру және жергілікті өнімдердің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағытында да нақты нәтижелер байқалуда.

Жалпы, Түркістан облысында қазақстандық қамтуды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өңір экономикасының тұрақты өсіміне, жаңа өндірістердің ашылуына және халықтың әл-ауқатының артуына берік негіз қалыптастыруда.  Мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, өндірістік алаң және инфрақұрылым ұсынылуы нәтижесінде жаңа кәсіпорындар ашылуда. Отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті өнімдердің нарықтағы үлесін ұлғайту алдағы уақытта да өңірдің экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Leave a reply