ТҮРКІСТАНДА «SMART CITY» ЖОБАСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0
26

Түркістан қаласында «Smart City» элементтерін енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Бейнебақылау жүйелері, интеллектуалды талдау құралдары және цифрлық басқару платформалары қала инфрақұрылымының қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік беруде. Бұл жүйелер қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге ықпал етеді.

«Smart City» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты облыс көлемінде бейнебақылау жүйелерінің саны артып, қоғамдық орындар мен көшелерге заманауи камералар орнатылуда. Бұл жүйелер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңірде білім беру саласын цифрландыру бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Оқушылар мен жастардың ақпараттық технологиялар саласындағы білімін арттыру, бағдарламалау негіздерін үйрету және киберқауіпсіздік бойынша дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Бұл болашақта өңірдің жоғары технологиялық кадрлық әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологияларды дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету өңірдің инвестициялық тартымдылығына да оң әсер етуде. Заманауи цифрлық инфрақұрылымның қалыптасуы инвесторлар үшін қолайлы орта құрып, жаңа технологиялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар, цифрлық қызмет көрсету және инновациялық өндіріс салаларындағы инвестициялық белсенділік артып келеді.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында ғарыштық технологияларды пайдалану, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және «Қазақстан киберқалқаны» жобасының қағидаттарын іске асыру бағытындағы жұмыстар өңірдің тұрақты дамуына, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негіз болып отыр. Алдағы уақытта цифрлық трансформацияны одан әрі жеделдету, инновациялық жобаларды көбейту және жоғары технологиялық шешімдерді енгізу арқылы өңірдің технологиялық әлеуетін нығайту көзделуде.

Түркістан облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары аясында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне де басымдық берілген. Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан киберқалқаны» жобасының негізгі қағидаттары өңір деңгейінде кезең-кезеңімен енгізілуде.

«Қазақстан киберқалқаны» жобасының басты мақсаты – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, деректер қорларын және цифрлық инфрақұрылымды сыртқы және ішкі кибершабуылдардан қорғау. Бұл бағытта ақпараттық жүйелердің тұрақтылығын арттыру, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және киберқауіптердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыста мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде қауіпсіздік талаптарын күшейту, қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша тұрақты іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету процестерін толық цифрландыру барысында ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттыруға ерекше назар аударылуда.

Осыған дейін мемлекет басшысы Түркістанда өткен алқалы жиында цифрлық дамуға айырықша тоқталды.

Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым. Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді.
Осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді. Сондықтан осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын», — деді ел президенті.
Мәселен «Қазақстан киберқалқаны» – Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғауға бағытталған стратегиялық бастама. Жобаның негізгі мақсаты – цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлердің алдын алу, кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және азаматтардың дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіріліп, мемлекеттік органдардың жұмысы цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банк жүйесі, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және энергетика салалары да цифрлық технологияларға тәуелді болып келеді. Осыған байланысты ақпараттық жүйелерді қорғау мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бағытына айналды. «Қазақстан киберқалқаны» жобасы аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қорғау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын күшейту, кибероқиғаларды анықтау және оларға жедел әрекет ету механизмдерін жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық жүйелерге тұрақты түрде аудит жүргізіліп, олардың қауіпсіздік деңгейі бағалануда. Жобаның маңызды бағыттарының бірі – киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатта мемлекеттік қызметкерлердің, ұйымдардың және азаматтардың цифрлық қауіпсіздік бойынша сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылуда. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, интернеттегі алаяқтық әрекеттерден қорғану және жеке деректерді қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Leave a reply