Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендеген

0
140

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Е.Бекмұратовтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Ерман Нұрланұлы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы бойынша баяндады.

– Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Шымкент қаласы бойынша жұмыс күші – 435,1 мың адам. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 412,9 мың. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) 2500 адамды оқыту қарастырылады. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 600 адам, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 24 мамандық бойынша 1900 адам бекітіліп, 3 ай мерзімге оқуға жолдануда, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, бағдарламаның 2-бағыты (кәсіпкерлікті қолдау) негізінде 2555 адам жоспарланып, 1900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға қабылданған. Бұл ретте кестеге сәйкес оқу 4 ағымға бөлініп, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы (https//atameken.co/ru/course-bastau) өтуде. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен» келісім шарт түзіліп, 55 адамға шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, бағдарламаның 3-бағыты бойынша еңбек ұтқырлығын арттыру үшін уақытша субсидияланатын жұмыс орындары, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстар және жастар практикасы ұйымдастырылуда. Яғни, бұл жұмыстар негізінде халықтың нысаналы топтары (мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жастар, зейнеткерлер, қысқарғандар, жетімдер) қарастырылған.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап жұмыс іздеушілерге арналған «Электрондық еңбек биржасы» іске қосылған. Бұл – жұмыс берушілер мен жұмыссыздарға персоналды таңдауға көмектесуді қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық база.

Leave a reply