
Түркістан облысында инвестиция тарту және өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктердің қызметі кеңейтіліп, жаңа өндіріс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасалуда. Облыста индустриалды аймақтар экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасып отыр. Бұл аймақтарда инфрақұрылым толық қамтамасыз етіліп, электр энергиясы, газ, су және көлік логистикасы сияқты негізгі инженерлік желілер тартылған. Соның нәтижесінде инвесторлар үшін өндіріс ашу процесі жеңілдетіліп, бюрократиялық кедергілер азайтылған.


Мемлекет басшысы осыған дейін өз өзінде Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат екенін тілге тиек еткен-ді.
Инвестиция тарту бағытында облыста шетелдік және отандық инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды алаңдарда жаңа жобаларды іске асыру үшін инвестициялық келіссөздер ұйымдастырылып, қолдау тетіктері қарастырылуда.
Облыс экономикасына тартылған инвестициялар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға ықпал етуде. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өңірдің экономикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Индустриалды аймақтардың басты қызметі – өңірге жаңа өндірістерді тарту, импортты алмастыратын өнім шығаратын кәсіпорындарды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру. Қазіргі таңда бұл аймақтарда құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, пластик бұйымдары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы кәсіпорындар жұмыс істеуде. Сонымен қатар Түркістан облысында шағын өндірістік парктерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл парктер шағын және орта бизнес өкілдеріне дайын өндірістік алаңдар ұсынып, кәсіп бастауға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің бастапқы шығындарын азайтып, өндірісті жылдам іске қосуға мүмкіндік береді.
Шағын өндірістік парктерде тігін цехтары, жиһаз өндірісі, құрылыс материалдарын шығару, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты түрлі бағыттағы кәсіпорындар орналасқан. Мұндай өндірістер жергілікті нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыруда.













