«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

0
3

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов және аудандық штаб мүшелері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесуде партияның «Әділетті болашақ үшін» атты бес жылдық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Алмас Салимов бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, елдегі саяси жаңғыру үдерістері, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін атап өтті.
Өз кезегінде кандидаттар инфрақұрылымды дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерге тоқталды.
Басқосуда жергілікті тұрғындар пікір білдіріп, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықтың маңызын атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылар партия бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Leave a reply