«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕСЕ, ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

0
3

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штаб мүшелері Шардара ауданындағы «Казкрахмал» жүгеріні терең өңдеу кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Жиында партияның «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өңір экономикасын дамыту, отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту және еңбек адамдарының мүддесін қорғау бағытындағы бастамалар кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге облыстық сайлауалды штаб мүшелері, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар және аудандық штаб өкілдері қатысты.
Жиында еліміздегі саяси жаңғыру үдерістері, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар партия бағдарламасындағы экономикалық даму, өндірісті қолдау, еңбек адамдарының мәртебесін көтеру және халықты жұмыспен қамту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Штаб мүшелері өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі мен жаңа кәсіпорындардың ашылуы өңір экономикасын нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Өндіріс қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, партия бағдарламасында қамтылған бастамаларға қатысты пікірлерін білдірді. Сондай-ақ бағдарламадағы басымдықтарды қолдайтындықтарын айтты.

Leave a reply