Жолдау: Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі түсіндірілді

0
95

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының шеңберінде, яғни сот жүйесін реформалау аясында Шымкент қалалық сотында «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» негізгі қағидаттары және міндеттері түсіндірілген семинар сабақ өтті. Оған қалалық, аудандық әкімдіктердің және әкімдікке қарасты басқармалардың жауапты қызметкерлері қатысты.

Алғашқы сөзді Шымкент қалалық сотының судьясы Гүлмира Қыдырбаева алып, 2021 жылдың шілде айынан бастап заңды күшіне енетін жаңа Кодекстің негізгі талаптарын түсіндіріп өтті.

Судья, Әкімшілік-рәсімдік процестік Кодексін қабылдау мемлекет үшін маңызды жаңалықтардың бірі болғанына ерекше тоқталды. Өйткені, енді шағымдар мемлекеттік органның кінәсіздік презумциясы негізінде қаралатын болады. Мемлекеттік орган өзінің шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеу керек.

Ал, Шымкент қалалық сотының әкімшілік сотының судьясы Абдуғаппар Бекназаров жаңа кодекс бойынша әкімшілік іс жүргізу тәртібі туралы айтты.
«Әкімшілік әділет институтын қалыптастыру құқықтық мәдениетті арттырып, теңсіздікті болдырмауға елеулі ықпал етеді. Сондықтан, бұл кодексті қолданысқа енгізу және мамандарндырылған әкімшілік соттарды құру – азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тетігіне айналады деген сенімде екенін атап өтті.
Айта кетерлігі, қала соттарының судьялары Кодексті түсіндіру бойынша семинар сабақтарын ақпан айынан бері өткізіп келеді. Ауқымды түрде ұйымдастырылатын дәрістерді тыңдауға әр жолы қаладағы тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен мамандары қамтылып отырды.

Leave a reply