Saturday, November 23

Шымкент: Тұрғын үй кезегін көру толығымен автоматтандырылған

0
111

Елімізде тұрғын үйге кезектің нөмірін www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.

Бүгінде аталған қызмет Шымкент қаласының тұрғындары үшін де қолжетімді әрі тиімді болып отыр.Тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау үшін тұтынушыға ЭЦҚ арқылы кезектегі адам ЖСН туралы ақпаратты электронды бетке енгізсе болғаны.

Аталған қызметтің электрондық форматқа аударылуы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз үлесін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайландарып, азаматтарға тұрғын үй кезегін қадағалауды жеңілдетіп отыр.

Айта кетейік, Шымкентте биыл жоспар бойынша пайдалануға берілетін кредиттік тұрғын үйлер саны – 60 (3 824 пәтер). Аталған үйлерді келесідей бағыттар бойынша сату жоспарлануда: «Шаңырақ 5-10-20» бағыты бойынша 27 үй, 1728 пәтер; «5-20-25» бағыты бойынша 18 үй, 1088 пәтер; «7-20-25» бағыты бойынша 15 үй, 1008 пәтер.

Бұдан бөлек, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша өңірлер шеңберінде бөлінген лимитке сәйкес 589 азамат екінші нарықтан «Отбасы банк» арқылы несие рәсімдеп пәтермен қамту жоспарда. Сонымен жоспар бойынша 4413 азаматты несие негізінде пәтермен қамту көзделген.

Leave a reply