Шымкентте бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталуда

0
149

Шымкентте 45 мыңға жуық азамат баспанаға мұқтаж. Арендалық тұрғын үйлер ең алдымен көпбалалы отбасыларға мен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға беріледі. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мәлімдеді. Қала басшысының орынбасары БАҚ өкілдеріне жетекшілік ететін салаларында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Күрделі бес салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков алдымен әр басқарманың жұмысын шолып өтті. Оның айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында маңызды салалардың бірі – қаржы саласы. Биылғы жылдың түсімдер жоспары 451 млрд. 275,4 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде салықтық түсімдер, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер мен трансферттер.

Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген және мүмкіндікі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де – басты назарда. Бұл ретте, жыл басынан бері мүгедектер үшін әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар осынау тетік арқылы техникалық оңалту құралдарының 55 түрін және қызметтердің 3 түрін пайдалана алады. Бүгінде шаһарда 37 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Мүгедектігі бар адамдар жыл басынан бері қажетті 10 694 құралдармен қамтамасыз етілді.

Шаһар басшысының орынбасары биыл бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталып отырғанын атап өтті. Жыл басынан бері қалада 37 мыңға жуық отбасына 7,3 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Қосымша 1-6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылған.

Leave a reply