Шымкент: Мал бордақылау алаңында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

0
121

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ мен “Ontustik” телеарнасы біріккен “Бірлігі бекем ел” телебағдарламасы аясында “Кәсіп және нәсіп” айдарымен қалаға қарасты Сайрам тұрғын алабында түсірілім жасалып, эфирден көрсетілді.

Бағдарлама кейіпкері Сардор Хожоахмедов жас болса да, мал бордақылау кәсібімен айналысып, елді етпен қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың бірі. Оның жылқы, бұқа бордақылау фермаларында отызға жуық жұмысшы қызмет атқарады.

Сондай-ақ бөдене асырау кәсібін де жетік меңгерген. Қаламызда өз кәсібін дөңгелетіп отырған іскер азаматтарға еңбектерің табысты болсын дейміз!

Айта кетейік, бүгінде шаһардағы кәсіпкерліктің дамуына екі индустриялық аймақ оң ықпал етуде. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жүйелі жоспар түзілген, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі ағымдағы жылдың бес айында екі жүз тоқсан бес млрд теңгені құраған.

Leave a reply