0
169

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шаңырақ» отбасы институты көпбалалы аз қамтылған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңес беріп, пайдалы іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алған.

Атап айтсақ, апта сайын аналарға және олардың балаларына арналған массаж, компьютерлік сауаттылық және т.б. тегін курстар кесте бойынша өткізіп отырады.

Сондай шаралардың бірі орталықта анасы балаларының жанында болып, өз үйінде отырып кәсібін жүргізу мақсатында екі сағаттық кондитерлік мастер класс өткізілді. Аталған шеберлік сағатын тәттілер пісіру шебері Жаншуақ Жұратбектің жүргізді.

Мастер класқа қатысқан он адамға тәтті нан пісірудің қыр-сыры туралы кеңінен айтылып, оның барлық қоспаларын қоса отырып, дайындау жолдары көрсетілді.

Айта кетейік, Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) 2500 адамды оқыту қарастырылады. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 600 адам, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 24 мамандық бойынша 1900 адам бекітіліп, 3 ай мерзімге оқуға жолдануда.

Leave a reply