Шымкент: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

0
163

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновке қаламызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру шаралары аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді.

– Шымкент қаласы жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бойынша 106,2 пайызды, ал Республика бойынша 11 орынды құрап отыр.
Қаламызда 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарудамыз. Солардың бірі тұрақтандыру қоры арқылы ірі сауда желілеріне, жергілікті тауар өндірушілерге, кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген, – деді басқарма басшысы.

Оларға тоқтала өтсек:
Ірі сауда желілері:
* «Грамад» (800 млн.тг), 12 тауар түрі қамтылды;
*«Фиркан» (300 млн.тг), 11 тауар түрі қамтылды;
*«Magnum Cash&Carry» (1 млрд.тг), 19 тауар түрі қамтылды.
Жергілікті тауар өндірушілері:
*«TURAR» ЖШС (I сұрыпты ұн нан бағасын тұрақтандыру – 505 млн.тг);
*«Шымкент құс» ЖШС (I санатты жұмыртқа 200 млн.тг).
Кәсіпкерлік субъектілері:
*«Hermes» ЖШС (көкөніс өнімдері – 128 млн.тг);
*«Юпекс» ЖШС (құмшекер – 500 млн.тг);
*ЖК «Момбетчеев» (күнбағыс майы – 200 млн.тг);
*«Қасқасу-С» шаруа қожалығы (сиыр еті – 200 млн.тг).

Бұдан бөлек, алдағы уақытта қаладағы ірі шаруашылықтар «Бәйтерек Агро» ШҚ-на (200 млн. тг) «Керемет-Сапа» ШҚ-на (100 млн.тг) және ұн өндіруші кәсіпорынға (240 млн.тг) тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беруді жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісім шарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және I сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.

– Сонымен бірге, қаланың 4 ауданында қала халқы тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашуды көздеудеміз. Ал, қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарды қолдау мақсатында, сонымен бірге азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын 4 ауданда («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны) азық-түлік жәрмеңкелері өткізілуде, – деді А. Қаныбеков.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Leave a reply