Қырғызстанның экс-президенті ақталып шықты

0
129

Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылдың қазан айында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісі бойынша ақтап шықты, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

— «Бішкекектің Первомай аудандық соты Алмазбек Атамбаевты 2020 жылдың қазан айында Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктер ұйымында кінәсіз деп тану туралы қаулы шығарды және оны қылмыс құрамының болмағаны үшін ақтады», — деді сот үкім оқу кезінде.

Сондай-ақ, сот экс-президент Атамбаевтың кеңесшісі Фарид Ниязовты, елдің ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асановты, Атамбаевтың оққағары Қанат Сағымбаевты ақтады.

Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы шешім заңды күшіне енгеннен кейін жойылатын үй қамағына өзгертілді. Алайда, Атамбаев абақтыда қалады, өйткені 2013 жылы қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз түрмеден босату туралы іс бойынша үкім әлі шығарылмаған.

Leave a reply