
Түркістан облысында «Smart City» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында соңғы жылдары қалалық инфрақұрылымды цифрландыруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, коммуналдық қызметтердің тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету.
Ең алдымен қоғамдық қауіпсіздік саласында бейнебақылау жүйелері кеңінен енгізілді. Түркістан қаласының көшелері мен қоғамдық орындарына жүздеген бейнекамера орнатылып, құқық қорғау органдарының жедел басқару орталықтарымен біріктірілді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті бақылау мүмкіндігі артты.
Көлік инфрақұрылымын цифрландыру бағытында да жұмыстар жүргізілді. Қаладағы бірқатар маңызды көшелерде заманауи бағдаршам жүйелері жаңартылып, жол қозғалысын бақылау құралдары енгізілді. Бұл көлік қозғалысын реттеуге және жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беруде. «Smart City» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты облыс көлемінде бейнебақылау жүйелерінің саны артып, қоғамдық орындар мен көшелерге заманауи камералар орнатылуда. Бұл жүйелер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Көлік инфрақұрылымын цифрландыру бағытында да жұмыстар жүргізілді. Қаладағы бірқатар маңызды көшелерде заманауи бағдаршам жүйелері жаңартылып, жол қозғалысын бақылау құралдары енгізілді. Бұл көлік қозғалысын реттеуге және жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беруде. Коммуналдық шаруашылық саласында көше жарықтандыру жүйелері жаңғыртылып, энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылды. Кейбір учаскелерде жарықтандыруды қашықтан басқару және бақылау элементтері енгізіліп, электр энергиясын тиімді пайдалану жұмыстары қолға алынды.
Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында цифрлық ақпараттық қызметтер де дамытылды. Туристер үшін электронды ақпараттық тақталар, QR-код жүйелері, цифрлық навигация және мобильді сервистер қолданысқа енгізілді. Бұл келушілердің тарихи-мәдени нысандар туралы ақпаратты жедел алуына мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың көптеген қызметті онлайн алу мүмкіндігі кеңейді. Электронды өтініштер қабылдау, цифрлық құжат айналымы және онлайн сервистердің дамуы халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты жеңілдетті.
Білім беру саласында да цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қолға алынды. Мектептерде электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі енгізіліп, оқу процесін автоматтандыру бағытында жұмыстар атқарылды. Кейбір білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті бақылаудың заманауи жүйелері орнатылды. Денсаулық сақтау саласында медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп, дәрігер қабылдауына онлайн жазылу, электронды медициналық карталарды пайдалану және цифрлық құжат айналымын дамыту жұмыстары жүзеге асырылды. Сондай-ақ облыста интернет инфрақұрылымын жақсарту, шалғай елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту және байланыс сапасын арттыру бағытында жобалар іске асырылуда. Бұл «Smart City» элементтерінің толыққанды жұмыс істеуіне негіз қалыптастырады.
Жалпы Түркістан облысында «Smart City» тұжырымдамасы аясында қоғамдық қауіпсіздік, көлік, коммуналдық шаруашылық, туризм, білім беру және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында маңызды цифрлық жобалар жүзеге асырылды. Алдағы уақытта жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау және интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу арқылы өңірдің цифрлық даму деңгейін одан әрі арттыру жоспарлануда. Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласы еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлік орталықтардың біріне айналып, цифрлық технологияларды енгізу арқылы заманауи әрі қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Осы мақсатта қоғамдық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы, коммуналдық қызметтер және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына цифрлық шешімдер енгізілуде. Smart City» элементтерін енгізу арқылы қала инфрақұрылымын цифрлық басқару жүйелері дамытылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік қозғалысын реттеу, коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыру және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылуда.












