Түркістан облысында цифрлық трансформацияны жеделдету, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологияларды экономиканың түрлі салаларына енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Электрондық үкімет жүйесін дамыту, қаржылық технологияларды кеңінен қолдану және ІТ-инфрақұрылымды жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының біріне айналды.

Бүгінде облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін электрондық форматта ала алады. Электрондық үкімет жүйесінің дамуы нәтижесінде анықтамалар алу, бизнес тіркеу, әлеуметтік төлемдерге өтініш беру, жер қатынастары мен жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерді рәсімдеу сияқты көптеген қызметтер онлайн форматқа көшірілді. Бұл мемлекеттік органдардың ашықтығын арттырып, халықтың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беруде.
Өңірде халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері жаңартылып, құжат айналымы электрондық форматқа көшірілуде. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқарып, бюрократиялық кедергілер азаюда.
Түркістан облысында қаржылық технологияларды дамыту бағытында да оң өзгерістер байқалады. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі артып, кәсіпкерлік нысандарында QR-код арқылы төлем жасау, мобильді банкинг және электронды төлем жүйелерін пайдалану кеңінен таралған. Бұл сауда-саттық пен қызмет көрсету саласының ашықтығын арттырып, қаржылық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.
Осы тұста Түркістанда түркі мемлекеттерінің басын қосқан саммитте цифрлық жүйе жан-жақты талқыланды.
Білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керек. Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын.
Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз. Бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастырған жөн деп санаймыз.
Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болар еді.
Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады.
Бұл – айрықша мәні бар стратегиялық ресурс. Сол себепті Қор барлық стартапқа қолдау көрсетіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсене атсалысады деп сенеміз. Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын», — мемлекет басшысы.
Түркістан облысында ІТ-технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мектептерде электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі қолданылады, білім беру платформалары арқылы қашықтан оқыту және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндігі кеңейтілді. Сонымен қатар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және бағдарламалау негіздерін үйретуге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері қаржытех құралдарын белсенді пайдаланып келеді. Кәсіпкерлер онлайн-банкинг, электронды шот-фактуралар, цифрлық бухгалтерия және электронды мемлекеттік сатып алу платформалары арқылы өз жұмыстарын жеңілдетуде. Бұл бизнесті жүргізу шығындарын азайтып, кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға ықпал етуде.