Әлеуметтік дүкендер тұрғындар үшін тиімді

0
161

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков шаһардағы әлеуметтік дүкендер жұмысымен танысты.

– Өздеріңізге мәлім, 11 шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі, 116 мекен-жайында «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын. Бұл дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерден ерекшелігі -халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен, белгіленген бағада сатуы. Бүгінгі таңда қаламызда әлеуметттік дүкендерді көптеп ашу мақсатында біз айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражатын беру арқылы қаладағы мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-мен келісім шарт түздік, – деді басқарма басшысы.

Келісім шарт аясында шаруа қожалық жоспарға сәйкес қаламыздың халқы тығыз орналасқан аймақтарда шілде және тамыз айларында 2 әлеуметтік дүкен ашуды жоспарлап отыр. Онда көкөніс, ет өнімдері және т.б. азық-түліктер сатылатын болады.
Бұдан бөлек, осы жылдың тамыз айында 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелері іске қосылатын болады.

– Бүгін шілде айында ашылуы жоспарланып отырған 18 шағын ауданындағы әлеуметтік дүкенге барып, ондағы жұмыс барысымен танысып қайттым. Әлеуметтік дүкеннің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған, қазіргі таңда дүкенге қажетті сөрелер, жабдықтарды орнықтыру жұмыстары жүргізілуде. Қаламызда әлеуметттік дүкендердің көптеп ашылуы қала халқының бірінші кезекте сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтылуына және оларды белгіленген бағада сатып алуына өз септігін тигізеді. Алдағы уақытта әлеуметтік дүкендердің ашылуы бойынша сіздермен парақшамда бөлісіп отыратын боламын, – деді А. Қаныбеков.

Leave a reply