Шымкенттің инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ

0
140

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 17 азамат анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Сондай-ақ бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.
Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 1 276 төсек-орын бар. Оның ішінде тоғыз жүз қырық тоғыз төсек орны бос. Ал 327 азамат жұқпалы және карантиндік ауруханаларда, стационарда ем қабылдауда.

Айта кетейік бір тәулік ішінде қалада 7643 адам вакцина алды
(I компонент-3955, II компонент-3688). Егу науқаны басталғалы барлығы 232 311 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 135 957 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Leave a reply