Thursday, November 21

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ» ЖАЛҒАСУДА

0
111

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 тамыз күні Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қайырымды істер марафоны» жобасының «Жанға жылу» акциясы аясында еріктілері тыл ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.

Шараның мақсаты – ардагерлер мен жастарды байланыстыру, патриоттық тәрбиені нығайту, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қалыптастыру.

Қайырымдылық шараға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС – ГП Шымкент бөлімі филиалының жастары қолдау көрсетті.
Айта кетейік, биыл қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей қолдауымен 75 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді және ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы өтті. Жалпы жергілікті мешіттер мен әкімдік арасында көптеген тағылымы мол жұмыстар атқарылуда, қайырымдылық шарасына да атсалысып жатқан атымтай жомарт азаматтар аз емес.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласында 89 мешіт ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. «Шымкент» медресе-колледжінде ерлер мен қыздар бөлімі қатар жұмыс істейді. Және ҚМДБ-ға қарасты бір «Ықылас» қарилар дайындау орталығында 70 шәкірт, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» жеке қайырымдылық мекемесінде 40 шәкірт онлайн тәлім алуда.

Leave a reply