Понедельник, 9 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

0
10

Биыл Түркістан облысында «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның ішінде, 83 554-і – тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орны. Бұл туралы Түркістан облысы тұрғындарының назарына мәлімет ұсынамыз. Ал аталған бағыттағы жұмыстар аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Сонымен қатар бұл бағытта түрлі мәжілістер өтіп келеді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау саласында 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша 7883 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 12031 жұмыс орны құрылған. Нәтижесінде, 1 айда 4148 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында 1747 жұмыс орны ашылып, 1 айдың ішінде 775 жаңа жұмыс орны ашылды. Ұлттық жобалар аясында 321 азамат жұмыспен қамтылды. Дегенмен, Ұлттық жобалар аясында Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Отырар аудандарында тиісті жұмыстар атқарылмаған. Биыл уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 32 465 азаматты жолдау жоспарланып, бүгінде 19 447 азамат жолданған.

Биыл аз қамтылған азаматтардың санын 20 пайызға төмендету межеленген. Әр тоқсанға бөлінген жоспар негізінде жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың 4 айында 49 037 адамға, яғни 7 995 отбасына АӘК тағайындалып, төленді. Кедейлік деңгейі 2,3%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға төмендеген. Ал АӘК алушылардың саны 45 713 адамға немесе 48,2%-ға азайған.

Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жалғасады. Жұмыс барысы бақылауда болады. Түркістан облысында 2024-2027 жылдар аралығында өңір экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,2 трлн. тг. 145 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы жылдың өзінде 62 жоба жоспарланып, бүгінгі күнге 24-і іске қосылды. Ауқымды жобалар толық іске асқанда 18 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Ірі әк шығару зауыттары, күкірт қышқылын өндіру зауыты, жүгеріні терең өңдеу зауыты, ауыз су және түрлі-түсті сусындарды шығару зауыты мен текстиль кластері зауыттары бар.

Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне оң серпін беруде. Ағымдағы жылдың 6 айында макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары өсім көрсетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 106,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 111,2%-ға ұлғайды. Экономикаға тартылған инвестициялар көлемі 137,8%-ға өсті. Нәтижесінде мыңға жуық жұмыс орны ашылып, өңірде өнеркәсіп жанданып келеді.

Түркия және Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан өңірге инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Олардың қатарында текстиль кластерін құру бойынша ірі жобалар бар. Қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және жел электростанциясының құрылысы, Түркістан қаласында 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы жоспарланған.

Сонымен қатар бұл елмен ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді. Түркістан облысымен бірқатар провинция арасында бауырластық, достық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылды. Онымен қоса, облысқа шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында көкөніс қоймасының құрылысы, құрылыс материалдар өндіру зауытының құрылысы, аурухана ашу, ірі қара мал терісін өңдеу өндірісін ашу, жиһаз шығару, дрондарды құрастыру және санитарлық-гигиеналық материалдарды өндіру зауытын ашу секілді бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Жұмыстар жалғасады.

Бұдан бөлек, «Жастар практикасы» және «Күміс жас» жобалары, қоғамдық, әлеуметтік және алғашқы жұмыс орындарымен жергілікті тұрғындарды қамту, пробация есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айырылған, тұл жетімдер мен мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша аудан, қалалардағы жұмыстар сараланып, индикаторлардың орындалуы қаралды. Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатының нысаналы жұмсалуына тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 2023 жылы грантпен қамтылған 23 азаматтың қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, мемлекетке қайтару бойынша сот шешімі шықты. Қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ал ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген 575 азаматпен еңбек тәртібін сақтамағаны үшін келісімшарт біржақты тоқтатылды. Субсидияланған жұмыс орындарына жолданған 2517 азаматпен де келісімшарт түзілді.

Leave a reply