Wednesday, December 18

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

0
111

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда А-2 Алматы айналма жолын (Темірлан тас жолынан Бадам өзені арқылы өтетін көпірге дейін) қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары басталуда.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес, Жиделібайсын көшесі Шардара көшесінен Гүлстан көшесіне дейін жолдың оң жақ бөлігі (оңтүстік бағытта) көлік қозғалысы үшін 2021 жылдың 5 шілдесінен бастап екі ай мерзімге дейін шектелетінін хабарлаймыз.

Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Еске сала кетсек, Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады.

Бұл ретте Қонаев даңғылында өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарланған.

Leave a reply